Ғалымдар 10 және 11 сәуірде геомагниттік соққы болатынын айтты

Уақыты: 10.04.2023
Оқылды: 526
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Астрономдар 10 және 11 сәуірде геомагниттік соққы болатынын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Магниттік дауыл екі күнге созылады. Мамандардың болжамына сәйкес, оның қуаты – төрт балл.

Магниттік дауыл – планетамыздың геомагниттік өрісінің күн сәулесінен туындаған бұзылысы. Бұл процестер метеосезімталд, қарттар және созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді.

16 және 17 сәуірде төрт баллдық дауыл болады деп күтілуде. Ал ең күшті магниттік дауыл 20 және 21 сәуірде болады деп болжанды, оның қуаты 6 баллға жетеді.

Фото: ғаламтордан