Жетісу облысы аумағында ШҚО азаматы жол апатынан жазым болды

Уақыты: 20.09.2023
Оқылды: 376
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы – Өскемен тас жолында ШҚО азаматы жол апатынан ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы – Өскемен тас жолының 593-шақырымында адам өліміне әкелген тағы бір жол апаты болды. Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы азаматы Volkswagen Polo автокөлігінің рөлін басқара алмай, оның аударылып кету салдарынан мерт болды.

– Құрметті автокөлік жүргізушілері, жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар. Сіз өзіңіздің ғана емес басқа да жолаушылардың өміріне жауаптысыз, – дейді Жетісу облысы полицейлері.