2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 180 мыңнан астам қызмет алды

Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 292
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 140,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,4 мың – ымдау тілі қызметін, 24,8 мың – жеке көмекшінің, 7,8 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бүгінгі күні Порталда 893 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 692 ОТҚ жеткізуші, 29 мыңға жуық жеке көмекші, 739 ымдау тілі және 120 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Портал жөніндегі комиссияларға жаңа өкілеттіктер берілген: мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау; өнім берушіге хат жолдау және оның орындалуын бақылау; өнім берушіні Порталдан шығару және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.