Су тасқынынан сақтану үшін кейбір жолдарды мәжбүрлі түрде бұзып жатыр

Уақыты: 08.04.2024
Оқылды: 246
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев елді мекендерді тасқын судан аман алып қалу мақсатында кейбір жолдарды мәжбүрлі түрде бұзып жатқанын айтты.

«Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру автожолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаражат есебінен жүргізілуде», - деді Ғалымжан Өтенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Су тасқыны қаупі бар учаскелерде жолдарды реконструкциялау шеңберінде келесі жұмыстар атқарылып жатыр:

- жасанды құрылыстардың қосымша құрылысы;

- су өткізгіш құбырлардың диаметрлерін және олардың санын ұлғайту;

- жер төсемі үйіндісінің биіктігін арттыру.

«Жүргізіліп жатқан шаралар жол учаскелерінің бұзылуын болдырмауға және көлік құралдарының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елді мекендерге қауіп төндірмеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еріген қар суын ірі көлемде өткізу үшін жол бөліктерін мәжбүрлі бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді комитет басшысының орынбасары.

Фото: видеодан кадр/ҚазАвтоЖол