АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫС-ТҮЙІС: ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Уақыты: 07.11.2022
Оқылды: 1429
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы әкімінің  өкімімен Айбар Талғатұлы Теменов облыстық туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Айбар Талғатұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Елтану», 2007 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мәдениет, тілдерді дамыту, білім және спорт бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің көмекшісі, ішкі саясат басқармасының Медеу ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің бас маманы, Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Астана қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығының директоры, «Kazakh-Sino Silkway Company» ЖШС директорының кеңесшісі, Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2022 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"