ӘКІМ ЕСЕБІ: КӨКСУ АУДАНЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ 95 ПАЙЫЗҒА ЖАҢАРАДЫ

Уақыты: 25.01.2021
Оқылды: 1119
Бөлім: ЭКОНОМИКА

2025 жылға дейін Көксу ауданының жолдары 95 пайызға жаңарады. Бұл туралы "Жетісу" газеті Көксу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жақсы жаңалықты Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Биыл  еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты әкім есебі ZOOM қосымшасы арқылы және тікелей эфир арқылы өтті.

- 2020 жылы ауданның ішкі жолдарын жөндеуге барлығы 1 млрд.256 млн.теңге оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен 249,9 млн.теңге, «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 160,9 млн.теңге, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 844,9 млн.теңге бөлініп, Балпық би ауылының Амангелді көшесінің жолына күрделі жөндеу жұмыстары және 14 елді мекенің 74 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Балпық би ауылындағы Төлебаев көшесіне, Нәдірізбек ауылына кірме жолды, Мұқыры ауылының Алтаев, Жексембай, Мұқанов, Мәметова, Жандосов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын, Талапты ауылындағы Абай көшесіне, 10 жылдық Қазақстан ауылындағы Оспанов, Сәтпаев көшелеріне, Көксу бекетінің Әуезов, Шалабаев, Қазақстан, Байсейітова, Қожабергенов, 8 март көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, - деді Көксу ауданының әкімі өзінің баяндамасында.

Естеріңізге салсақ, Көксу ауданындағы жолдардың 80 пайызы қазір жақсы жағдайда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"