Кейбіреулер полицейге әдейі тиісіп, арандатады, сондай кезде ұстамдылық таныту маңызды - Тоқаев

Уақыты: 30.06.2023
Оқылды: 957
Бөлім: САЯСАТ

Бұндай сөзді Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде  айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.  

 

«Әлеуметтік желіде полицияға қатысты түрлі бейнежазбалар бар. Кейбір адамдар қасақана арандатушылық жасайды. Сондай кезде ұстамдылық танытып, дөрекі әрекеттерге жол бермеу өте маңызды. Тәртіп сақшысы сауатты сөйлеп, өзін лайықты ұстауы қажет. Полиция қызметкері заңдарды анық білуге тиіс, яғни еліміздің заңдарын жұртқа қарапайым тілмен түсіндіруге дайын болуы қажет. Сонда ғана полиция мен халық арасында мызғымас келісім болады. Әрине, офицерлердің арасында кәсіби білікті, антына адал азаматтар көп. Сондай қызметкерлер өзгелерге, әсіресе, жастарға үлгі-өнеге көрсетуде. Осындай үздік қызметкерлерді қолдау қажет. Ерлік көрсеткен офицер, сержанттар туралы жұрт білуге тиіс. Бұл – біздің тиісті министрліктің және жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті. Өздеріңізге мәлім, мемлекет ішкі істер органдарының жұмысын әрдайым жоғары бағалайды», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Фото: ашық дереккөзден