КӨКСУ АУДАНЫНДА БІР ҮЙІР ЖЫЛҚЫ ЖОҒАЛЫП, ТІКҰШАҚПЕН ІЗДЕСТІРІЛДІ

Уақыты: 27.09.2021
Оқылды: 2356
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Көксу ауданында жоғалған жылқылар төрт күннен кейін табылды. Қылқұйрықтарды іздестіруге тікұшақ та жұмылдырылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Полиция мәліметінше, Балпық би ауылының 49 жастағы тұрғыны өзінің құны 12,2 миллион теңгені құрайтын 30 жылқысының жоғалғанына шағымданған. Мал төрт күннен кейін биік тау бөктеріндегі Омар жайлауынан табылды.

Жоғалған жылқыларды іздеуге жұмылдырылған 15 полиция қызметкері төрт көлікпен, атпен жолға шығып, тіпті, тікұшақтың көмегіне сүйенген.

ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша, жылқы иесіне ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережесін бұзғаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, хаттама толтырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"