Жаркентте қараусыз қалған жерде қару-жарақ табылды

Уақыты: 07.07.2023
Оқылды: 744
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметітше полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Панфилов ауданы Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қос ауызды шолақ мылтық, сондай-ақ 9 патронмен бірге "STREAMER 1014" травматикалық тапаншасы сақталған жасырын орынды тапты.