КҮДЕБАЕВТЫҢ СОТЫ ТАЛДЫҚОРҒАНДА БОЛМАЙДЫ

Уақыты: 12.07.2023
Оқылды: 614
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев шетелге басқа облыстан қашқандықтан, оның соты Жетісу облысында болмайды. Бұл туралы өңір прокуроры Мадияр Басшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы inbusiness.kz сайтына сілетеме жасап. 


"Бұл қылмыс Жетісу облысының территориясында емес, басқа өңірде орын алған. Сондықтан іс сол жақта зерттелуде. Неғұрлым сенімді ақпарат алу үшін ресми сауалмен сол өңірдің прокурорына жүгінулеріңіз қажет", - деді Мадияр Басшыбаев.

Бірақ прокурор экс-генералдың соты қай облыста өтетінін нақтылаған жоқ.