Жетісу облысында заңсыз тексеріс жүргізген полицейлер жауапқа тартылды

Уақыты: 03.10.2023
Оқылды: 845
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге қатысты тексеру жүргізуге мораторий жарияланғанына қарамастан, тиісті актіні енгізбей, Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының 7 дәріханасын тексерген.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өз әрекеттерінің заңсыздығына қарамай, полиция аталған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы материалдар жинаған (дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату) және фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша іс-қимылдардың заңсыздығын ескере отырып, тексеру іс-шаралары заңсыз, ал олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды.

Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сурет: көрнекілікке алынды