40 МИЛЛИОН БЕРЕШЕГІ БАР ЖҮРГІЗШУІ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 26.02.2024
Оқылды: 358
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Елорада 40 миллион берешегі бар жүргізуші анықталды. 


«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мамандандырылған батальон полицейлері Subaru көлігінің жүргізушісін тоқтатты.

«Қорғау» автоматтандырылған жүйесі арқылы оның борышкер екені белгілі болған. Subaru иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек 40 миллион теңгеге жуық қарызы болған.

Жүргізушіге ескерту жасалып, көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

Жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында 5-29 ақпан аралығында қалада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы шара аясында 262 көлік коммуналдық тұраққа қойылып, 231 мемлекеттік нөмір тәркіленді.

Елорада миллиондаған берешегі бар жүргізуші анықталды

40 млн берешегі бар жүргізуші анықталды

Фото: ernur.kz