ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА КОРОНАВИРУСТАН 11 НАУҚАС ҚАЙТЫС БОЛҒАН

Уақыты: 13.03.2021
Оқылды: 836
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Ескелді ауданында кейінгі екі аптада КВИ-дің 14 белгісі анықталды. Қазіргі таңда науқастар толықтай дәрігерлердің қадағалауында. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бүгінде науқастардың түсу бағытына карай 10 төсектік карантиндік орын жасақталған. Соңғы екі аптада 14 адам ковид белгісімен ауруханаға түсті. Оның 3-і инфекциялық бөлімге  ауыстырылды. Сондай-ақ, наурыз айының басынан бастап 90 науқас пневмониямен ауырып, толықтай емделіп шықты.

Індеттің екінші толқынына аудандық аурухана толықтай дайын. Бүгінде 39 оттегі концентраторы, 51 «Бобров» аппараты, 51 оттегі нүктесі, 147 пульсоксиметр дайын тұр. Сондай-ақ, 1 оттегі стансысы бар. Өкпені жасанды жолмен желдетудің 11 аппараты бюджет қаржысына сатып алынған. Меценаттардың да қолдауы зор болды. Аудандық аурухана жанында коронавирустың жеңіл түрімен ауырғандарды емдейтін провизорлық бөлімше бар.

Жаңа жылдан бері 18013 адам ПТР тест тапсырған. Күні бүгінге дейін медицина қызметкерінің вирустық инфекциямен сырқаттану белгісі тіркелмеді. Жалпы, КВИ-ден 11 науқас қайтыс болды. Оның 4-і биыл тіркелген жағдай. Ал аудан бойынша карантин басталғалы бері 570 адам сырқаттанып, жазылып шықты.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан