КОРОНАВИРУС ПЕН ПНЕВМОНИЯ: НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕГІ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 25.03.2021
Оқылды: 1061
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Коронавирус пен пневмония бойынша Наурыз мерекесіндегі деректер жарияланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті коронавирус туралы ресми сайтқа сілтеме жасап хабарлады.

Мәселен, дәл 22 наурыз күнгі демалыста Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 150 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы 50146 адам ауырса, оның ішінде 667-сі қайтыс болған. Ал жазылып шыққандардың саны 46711 адамға жеткен. Сондай-ақ, бір ғана 23 наурыз күнін алсақ, 1088 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Оның ішінде, Алматы облысында 23 наурыз күні 109 адам ковид жұқтырған.

Қуаныштысы, дәл осы күні ел бойынша 817 адам дертінен айығып, ауруханадан шыққан. Алматы облысында 34 адам індеттен жазылған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны бүгінде 235095-тен асып жығылды.

Алматы облысында 12 563 адам қауіпті індетпен ауырса, оның 10906-сы толық емделген. Ал 2333 адам коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан