АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕТПЕРДЕ ТАҚПАҒАН 430 АДАМҒА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 22.07.2021
Оқылды: 1270
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Жыл басынан бері Алматы облысында карантин талаптарын бұзушыларға 69 миллион теңге айыппұл салынған. Оның ішінде бетперде тақпаған 430 адамға хаттама толтырылған. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыста жергілікті атқарушы органдар жанында 268 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар халықтың санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтауын бақылайды.

Жыл басынан бері мониторинг тобы 22 мыңнан астам рейд жүргізді, 127 мың нысан қамтылды, 1082 карантин режимінің бұзылу фактісі анықталды. «590 нысанға 69 миллионнан астам сомаға әкімшілік жазалар қолданылды, оның ішінде, 149-ы жаппай отбасылық және ұжымдық іс-шараларды (той, ұзату, құдалық және туған күндер) өткізу бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне салынды. Бетперде режимін сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 430 хаттама және отбасылық іс-шараларды өткізгені үшін 40 хаттама толтырылды», - деп хабарлады СЭС өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"