АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР? СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 23.07.2021
Оқылды: 1139
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирусқа қарсы екпе бойынша ең соңғы мәліметті жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бүгінде облыста 244 екпе пункті жұмыс істейді, 71 мобильді топ, 17 жылжымалы медициналық кешен бар. Аймақта вакцина құтыларын сақтайтын 153 мұздатылған камера орнатылған. Сондай-ақ, 272 белсенді автомұздатқыш іске қосылған. Соңғы мәлімет бойынша, Алматы облысына вакцинаның бірінші компонентінен 544 310 доза жеткізілген. Ал екінші компоненттен 379 990 доза бар.

Қазіргі таңда Алматы облысының 517 мың 457 адамы екпенің бірінші компонентін ектірген. Екі компонентін де салдырған адамдар саны 300 мыңнан асты. Жалпы, бүгінде өңірде екі дозадан 110 мыңнан аса екпе қалған.

Аймақта екпе алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Телеарнаның тікелей эфирінде 60-тан астам материал дайындалды, 40 шақты сюжет көрсетілді. Республикалық және аймақтық газеттерде 500-ден астам мақала жарияланды. 800 мыңнан астам жадынама, түсіндіру парақтары таратылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан