АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮГІН 49 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН: СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 06.08.2021
Оқылды: 1094
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысы бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,8-ден 1,0 пайызға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалды. Ең қорқыныштысы, бүгін Алматы облысында 49 бала індетке шалдыққан. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы тәулікте Алматы облысында індет жұқтырудың 300 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 266 адамда симптоммен, 34-інде симптомсыз. КВИ анықталған 300 адамның 49-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Жалпы оқушылар арасында 30, студенттер арасында 3 жағдай тіркелді.

Облыстағы аудан-қалаларға бөліп айтсақ, Ақсуда - 1, Алакөлде – 20, Балқашта – 7, Еңбекшіқазақта - 27, Ескелдіде – 13, Жамбылда – 20, Іледе - 17, Қарасайда - 41, Қараталда - 10, Кербұлақта - 16, Көксу - 8, Панфиловта – 13, Райымбекте - 1, Сарқанда - 9, Талғарда – 34, Ұйғырда – 7, Кегенде - 1, Қапшағай қаласында - 16, Талдықорғанда - 35, Текеліде - 6 адамнан вирус анықталды.

2020 жылдан бастап барлығы 28 382 пациент ауруханадан шығарылды, тәулігіне 49 пациент стационардан емделіп, үйіне қайтты. Ал 30 адам үй оқшаулауынан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан