АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ТӘУЛІКТЕ 244 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 09.08.2021
Оқылды: 1092
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында бір тәулікте 244 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Бүгінге дейін Алматы облысында 34 903 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде, 23 421 адамнан симптом белгілері анықталған. Соңғы екі апталық салыстыру кезінде облыс бойынша КВИ-дің (коронавирустық инфекция) өсу қарқыны бір деңгейде тұр - 0,9 пайыз. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында байқалды.

Айта кетейік, індеттен қорғанудың жалғыз жолы - екпе. Өңірде вакцина жеткілікті. Жыл басынан облысқа вакцинаның бірінші компонентінен 679 255 доза келіп түсті, оның 583 193-і қолданылып, бүгінде 96 062 доза қалды.

Бірінші компонентпен 583 193 адам егілді, екіншісі 442 986 адамға салынды. Вакциналанғандар арасында мемлекеттік қызметкерлер – 11 997, медицина қызметкерлері – 23 445, педагогтар – 38 477,  созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек – қантамыр жүйесі) – 4678 және басқа да қызмет салаларының өкілдері - 457 663 адам.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"