ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАЙТАДАН ЛОКДАУН: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШЕКТЕУЛЕР

Уақыты: 09.08.2021
Оқылды: 986
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай нашар. Осыған байланысты Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев демалыс күндері аймақта локдаун болатынын мәлім етті.

Эпидемиологиялық матрицаның бағалауы бойынша қазір Алакөл, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Сарқан және Текелі, Талдықорған қалалары - "қызыл аймақта", Іле, Қаратал, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, ұйғыр және Ақсу аудандары - "сары аймақта", ал қалған қалалар мен аудандар "жасыл аймақта" орналасқан.

- Демалыс күндері локдаун жарияланады. Балалар мен ересектерге арналған білім орталықтарының, ашық және жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік сатпайтын) қоғамдық тамақтану нысандарының, жазғы алаңдардың, сауда үйлері мен қоғамдық көліктің (елді мекендер ішінде) банктердің, ХҚО-лардың, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, діни нысандардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының, фитнес-орталықтардың, казинолардың, ойын-сауық, бұқаралық, отбасылық, естелік іс-шаралардың қызметіне тыйым салынады, - деді Асхат Чарапиев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды