ОБЛЫСТА АНЫҚТАЛМАҒАН ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРҒАНДАР САНЫ 6 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Уақыты: 10.08.2021
Оқылды: 1118
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 10 тамыздағы мәлімет бойынша коронавирустың зертханалық расталған 35173 дерегі тіркелді. Соңғы тәулікте 270 адам вирус жұқтырған. Өсім деңгейі 0,8 пайызды құрап отыр. Ал анықталмаған пневмониямен ауырғандар саны 6 мыңға жуықтады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Ақсу ауданында – 5, Алакөл ауданында – 8, Балқаш ауданында – 7, Еңбекшіқазақ ауданында - 26, Ескелді ауданында – 19, Жамбыл ауданында – 16, Іле ауданында - 15, Қарасай ауданында - 37, Қаратал ауданында - 5, Кербұлақ ауданында – 1, Панфилов ауданында – 25, Райымбек ауданында – 5, Талғар ауданында – 34, Ұйғыр ауданында – 10, Кеген ауданында – 6, Қапшағай қаласында - 5, Талдықорған қаласында – 34, Текелі қаласында - 6 адамнан індет анықталған.

Өткен жылдың тамыз айынан бері анықталмаған пневмонияның 5904 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 22. Олар Еңбекшіқазақ (12) ауданында, Талдықорған (10) қаласында анықталды. Олармен 16 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 3131 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 61-і жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 282 адам түсті, 232-сі шығарылды. Төсек-орын жүктемесі - 62,6 пайыз.

Соңғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 827 мың 640 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 8118.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"