ЕКІ КҮНДЕ 766 АДАМ! АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАУІПТІ ІНДЕТ ҚАЙТПАЙ ТҰР

Уақыты: 27.08.2021
Оқылды: 1216
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

27 тамызда Алматы облысында 390 адам індеттің ілмегіне ілінген. Ал кеше коронавирусқа 376 адам шалдыққан. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 67, Панфилов ауданында – 43, Талғар ауданында – 33, Жамбыл ауданында – 30, Еңбекшіқазақ ауданында – 28, Іле және Қарасай аудандарында - 27-ден, Қаратал ауданында – 24, Алакөл ауданында - 21, Кербұлақ, Балқаш аудандарында 15-тен, Ұйғыр ауданы мен Текелі қаласында 13-тен, Ескелді ауданында – 12, Сарқан ауданында – 10, Көксу ауданында – 9, Қапшағай қаласында – 2, Ақсу ауданында - 1 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ, соңғы тәулікте 156 адам жазылып шықты. Өңір әлі "қызыл аймақта".

Дәл қазіргі таңда 3239 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 371 адам түсті. Төсек-орындар саны - 6080. Төсек-орын жүктемесі – 53,2 пайыз.

Соңғы 3 күнде 13 мың 240 адамның сынамасы ПЦР-зертханасында тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 27 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 659 331. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 5016. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 530 642. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 6101.

Құрметті жетісулықтар! Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан бұрынғыдай адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, үйде болып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"