САБАҚ БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП 39 ОҚУШЫ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРЫП АЛДЫ

Уақыты: 03.09.2021
Оқылды: 1122
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында орта мектептерде сабақ басталмай жатып 39 оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Мәселен, кеше 14 жасқа дейінгі балалар арасында 55, ал мектеп қабырғасындағы оқушылар арасында 39 жағдай тіркелген. Ал облыста барлығы 295 адам індет жұқтырған. Соның ішінде, Талдықорған қаласында 71, Талғар ауданында 35, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарында 25 жағдайдан, Алакөл ауданында 22, Қаратал ауданында 16, Іле ауданында 15, Панфилов ауданында 14, Ескелді, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында 11 жағдайдан, Жамбыл ауданында 13, Ұйғыр ауданында 7, Қапшағай қаласында 6, Балқаш және Кербұлақ аудандарында – 5 жағдайдан, Көксу ауданында 3 жағдай анықталды. Сондай-ақ, облыста 226 адам жазылып шықты. Бірақ өңір әлі "қызыл аймақта".

Бүгінгі мәлімет бойынша өңірде 2890 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 261 адам түсті. Ауруханалардағы төсек-орындар саны - 6080. Төсек-орын жүктемесі – 47,5 пайыз.

Соңғы 3 күнде 10430 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 31 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 682 341. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3584. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 564 791. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 5316.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"