"АШЫҚТЫҢ" АРҚАСЫНДА КӨШЕ АРАЛАП ЖҮРЕТІН СЫРҚАТТАР АЗАЙҒАН

Уақыты: 07.09.2021
Оқылды: 956
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Коронавирус белең алғалы бизнес құрылымдарының жұмысы әртүрлі жағдайға ұшырады. Кәсіпкерліктің жұмысына жеңілдіктер беру мақсатында 14 сәуірден бастап облыс аумағында «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды.

Бұл жобаға бойынша басында Спа-орталықтар, фитнес клубтар, бассейндер көптеп кірген. Одан кейін кинотеатрлар қосылды. Бүгінде қоғамдық тамақ беру орындары жаппай қосылуда. Облыс бойынша жобаны пайдалана отырып 8265 нысан өз қызметін жүзеге асыруда.

«Аshyq» жобасын енгізу басталғалы бері мониторингтік топтармен 4376 нысан қамтылды. Соның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған 994 нысан анықталды. «Ashyq» жобасы іске асырылғалы сырқаттанғанына қарамай көше аралап жүретіндер азайған. Бизнес нысандары да жұмысын қауіпсіз жағдайда жүргізе бастаған.

QR-кодты сканерлеу кезінде Алматы облысы бойынша «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 1867 келуші анықталды. Оның ішінде 1507 келушіде «қызыл», «сары» көрсеткіш 621 келушіден анықталды. Еңбекшіқазақ, Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ аудандары мен Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларында 2 975 340 теңге қаржы мөлшерінде 68 әкімшілік жаза қолданылған.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы