БҮГІН ОБЛЫСТА 246 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ, ОНЫҢ 37-СІ БАЛА

Уақыты: 07.09.2021
Оқылды: 1297
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 7 қыркүйекте коронавирустың 246 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, соңғы тәулікте 58 адам емделіп шықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бүгінгі күні облыста барлығы 45 282 адам коронавируспен ауырған, оның ішінде 32 255-нің симптом белгілері бар.

Алматы облысы бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,9 пайыздан 0,7% пайызға дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл - 1,2%, Балқаш - 1,0%, Ескелді – 0,9% аудандарында және Талдықорған қаласында – 0,8% байқалды.

КВИ анықталған 246 жағдайдың 37-сі 14 жасқа дейінгі балалар. Оқушылар арасында 23 және студенттер арасында 8 жағдай анықталған.

Аудан-қалалар бойынша тарқатып айтсақ, Ақсуда - 2, Алакөлде - 11, Балқашта - 7, Еңбекшіқазақта - 29, Ескелдіде – 10, Жамбылда – 32, Іледе - 2, Қарасайда - 20, Қараталда - 13, Кегенде - 1, Кербұлақта - 14, Көксуда - 4, Панфиловта – 9, Райымбекте - 2, Талғарда – 19, Ұйғырда – 2, Талдықорғанда – 65, Текеліде - 3, Қапшағайда - 1 адамнан вирус шықты. Сондай-ақ, ауруханадан барлығы 39 072 пациент шығарылған, КВИ+ диагнозы бар 360 адам үй оқшаулауынан алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"