БІР КҮНДЕ 222 АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘЛІ "ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА"

Уақыты: 09.09.2021
Оқылды: 988
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша Алматы облысында 330 адам індет жұқтырған. Ал 237 адам емделіп шыққан. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 89 жағдай, Талғар ауданында – 32, Еңбекшіқазақ ауданында – 29, Қарасай ауданында – 28, Жамбыл ауданында – 21, Панфилов ауданында – 18, Қаратал ауданында – 16, Ескелді ауданында – 14, Текелі қаласында – 13, Көксу ауданында – 12, Іле ауданында – 11, Ұйғыр ауданында – 9, Сарқан, Алакөл және Балқаш аудандарында 8 жағдайдан, Қапшағай қаласында – 7, Кербұлақ ауданында – 6, Райымбек ауданында 1 жағдай тіркелді. Облыс әлі "қызыл аймақта".

Қазіргі күнде Алматы облысында 2573 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 222 адам түсті. Төсек-орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 42,3 пайыз.

Соңғы үш күнде 10270 адамның сынамасы ПЦР зертханаларында тексерілді. Өткен тәулікте науқастармен қарым-қатынаста болған 20 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 703 023. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3683. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 584 312. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2947.

"Құрметті жетісулықтар! Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз. Вакцина коронавирус жұқтырған жағдайда, дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде, адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады. Және екпе алғанда, өлімге әкелетін қайғылы жағдайларды айтпағанның өзінде, коронавирустың ол адамдардың өкпесіне түсіп кетуінен сақтайды. Екпе ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтады! Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпті індеттен сақтау үшін өте маңызды!" - делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"