ПЕНЖІМДЕГІ ТӨБЕЛЕС: ЗАРДАП ШЕККЕН ЕКІ АДАМНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

Уақыты: 01.11.2021
Оқылды: 1038
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Пенжімдегі жаппай төбелес кезінде зардап шеккен екі адамның қазіргі денсаулық жағдайы қалай? Бұл сауалға Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

Қазіргі таңда төбелесте жарақат алған жасөспірімнің денсаулығы жақсарып, жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылған. Ал оқиға кезінде зардап шеккен 54 жастағы тағы бір адам хирургия бөлімінде жатыр. Ол жансақтау бөліміне түспеген.

"2005 жылы туған пациент травматология бөлімшесінде, 1967 жылы туған науқас хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер екі науқастың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалап отыр. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - делінген басқарма хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"