ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛҒАЛЫ 1716 БАЛАДАН КОРОНАВИРУС ШЫҚҚАН

Уақыты: 09.11.2021
Оқылды: 1056
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында жаңа оқу жылы басталғалы 1716 баладан коронавирус анықталған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"2021 жылдың 1 қыркүйек пен 9 қараша аралығында Алматы облысында оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1716 жағдайы тіркелді, оның ішінде, 215-і жазғы демалыс, 1470-і оффлайн, 31-і онлайн оқыту кезінде анықталған. Бүгінгі күні облыста 43 сыныптың 1035 оқушысы қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылды", - делінген Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілдері таратқан хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"