АҚШ ҒАЛЫМДАРЫ ДАЙЫНДАҒАН "PFIZER" ЕКПЕСІ. БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

Уақыты: 10.11.2021
Оқылды: 1124
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

ҚР Бас мемлекеттік-санитариялық дәрігерінің №46 "Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шараларды одан әрі жүргізу туралы" Қаулысына сәйкес, "Комирнати" вакцинасымен (Пфайзер, АҚШ) халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу қағидалары бекітілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Бастапқы кезеңде КВИ-ға қарсы профилактикалық вакцинацияны 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялаудан бастаған жөн, содан кейін 15, 14, 13 және 12 жастағы балаларды жүйелі түрде вакцинациялау жалғасады.

Жасөспірімдерді вакцинациялау үшін білім беру ұйымдарында егу пункттерінің жұмысын ұйымдастыру, үй-жайлардың ішін жылыту, жарықтандыру, сумен жабдықтау және желдету жұмыстарын қамтамасыз ету қажет. Егу пункттерінде егілгендерге (мүмкіндігінше білім беру ұйымының бірінші қабатында) жасөспірімдердің шоғырлануын қоспағанда, бір жақты ағынды қамтамасыз ете отырып, медициналық бақылау ұйымдастырылады.

Аталған вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге аш қарынға емес, жарақаттанып қалмайтындай жайлы орында салынады. Оларда көбінесе қорқыныш, ауырсыну, гипотензия, бас айналу және басқа инъекцияға қарсы реакция болуы мүмкін.

Облыс деңгейіндегі орталық қоймаларда "Комирнати" вакцинасын орталық қоймаларда температуралық режимде (мұздату деңгейінде) -90°C-тан -60°C-қа дейін сақтайды.

Аудандар мен қалаларда, медициналық ұйымдарда "Комирнати" вакцинасы +2°C-тан +8°C-қа дейінгі (еру деңгейі) температуралық режимде іске асырылады. Жарамдылық мерзімі - 31 күн. +2°C-тан +8°C-қа дейінгі температурада тасымалдау ұзақтығы 12 сағатқа дейін болуы мүмкін.

"Комирнати" вакцинасы аудандық қоймалар деңгейінде +2°C-тан +8°C-қа дейінгі температуралық режимде тиісті таңбасы бар жеке тоңазытқыш жабдықта сақталады.

Пайдалану басталғанға дейін ашылмаған құтыны +30°C дейінгі температурада 2 сағатқа дейін сақтауға болады. Сұйылтқаннан кейін вакцинаны +2-ден +30°C дейінгі температурада сақтауға және 6 сағат бойы пайдалануға болады.

Вакцинация бірінші дозадан кейін 21-28 күн аралықпен 2 рет жүргізіледі. Екі дозаны енгізу үшін бір препаратты қолдану ұсынылады. Екінші дозаны кездейсоқ енгізген жағдайда 21 күннен аз уақыт бұрын қосымша доза енгізілмейді. Вакцина тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Препаратты көктамыр ішіне енгізуге қатаң тыйым салынады!

Бала емізетін әйелдерді вакцинациялау босанғаннан кейінгі кезең аяқталған соң 42 күннен кейін жүргізіледі.

"Комирнати" вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілімдер:

1) әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқаға аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы көрсетілім немесе ескерту болып табылмайды, өйткені, вакцинада бұл компоненттер жоқ.

2) 12 жасқа дейінгі балалар;

3) 16 аптаға дейінгі жүктілік;

4) полиэтиленгликольге немесе молекула анамнезінде белгілі ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдарға болмайды. Өйткені, полиэтиленгликоль вакцинаның құрамдас бөлігі болып табылады.

Вакцинация кезінде:

1) қандай да бір басқа вакцина енгізілгеннен кейін немесе бұрын "Комирнати" енгізілгеннен кейін ауыр аллергиялық реакцияның немесе тыныс алу проблемаларының болуы;

2) кез келген инъекциядан кейін естен тану, құрысулар;

3) жоғары температурамен және созылмалы аурулардың асқынуымен жіті инфекциялық аурулар;

4) қанның ұюымен, оның ішінде, қан ұйығыштарының пайда болуына қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаумен байланысты проблемалардың болуы;

5) ауруға байланысты әлсіреген иммундық жүйе (АИТВ инфекциясы, стероидты препараттарды қабылдау) сияқты белгілерге назар аударылып, сақтықпен егілуі тиіс.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"