БҮГІН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 27 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 30.11.2021
Оқылды: 1056
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгінгі жағдай бойынша Алматы облысында 27 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қазіргі таңда Алматы облысында зертханалық расталған 57 290 жағдай тіркелген, оның ішінде, 42 810 жағдай симптомды. Облыста індеттің өсу қарқыны 0,05 пайыз деңгейінде тұр. Облыс өңірлері бойынша айтсақ, Еңбекшіқазақта - 2, Ескелдіде - 1, Жамбылда - 3, Қараталда - 3, Панфиловта - 1, Сарқанда - 4, Талғарда - 2, Ұйғырда - 3, Талдықорғанда - 5, Қапшағайда - 3 адам коронавирус жұқтырған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"