АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 60 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Уақыты: 27.12.2021
Оқылды: 979
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында індет басталғалы бері барлығы 57 735 адамнан коронавирус анықталды. Соңғы тәулікте 10 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

27 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста КВИ-дің өсу қарқыны 0,02 пайыз деңгейінде тұр. Соңғы тәулікте тіркелген 10 жағдайдың 9-ы симптомдық, 1-уі симптомсыз. Аудан-қалалар бойынша айтсақ, Жамбылда - 2, Қарасайда - 1, Талғарда - 1, Ұйғырда - 2, Талдықорғанда - 2, Текеліде - 2 адамнан коронавирус шықты. Сондай-ақ, 27 желтоқсанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 887 634 (74 пайыз) адам алды. Иммундаудың толық курсынан 825 706 (69 пайыз) адам өтті.

Бүгінгі таңда Алматы облысына 380 250 доза "Комирнати" (Файзер) вакцинасы келді. Бұл жасөспірімдерге, бала емізетін аналарға және жүктілік кезіндегі әйел адамдарға арналған.

Алматы облысында жалпы 225 810 адам "Комирнатимен" вакцинациялауға жатады. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер - 147 000, жүкті әйелдер - 34 510, лактация кезеңіндегі әйелдер - 44 300.

Бүгінгі таңда "Комирнати" вакцинасының бірінші компонентін 33 295 адам алды, оның ішінде, 12-ден 17 жасқа дейінгі 26 369 жасөспірім, лактация кезіндегі 4830 әйел және жүктілік кезіндегі 2096 адам бар. Вакцинаның екінші компонентін 3521 адам алды. Олардың ішінде 2872 жасөспірім, лактация кезіндегі 506 әйел және 143 жүкті әйел тіркелген.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап Алматы облысында халықты коронавирустық инфекциядан ревакцинациялау курсы басталды. Қазіргі уақытта аймақтардың тұрғындары үшін "QazVac" және "Sinopharm" (Vero Cell) сияқты белсенділігі жойылған вакциналар қолжетімді. Бүгінгі таңда облыста КВИ-ға қарсы иммундық жүйені 35 558 адам нығайтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"