АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕ 14 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ. СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 29.12.2021
Оқылды: 1021
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 29 желтоқсандағы жағдай бойынша 14 адамнан коронавирус белгілері шықты. Өсу қарқыны 0,02 пайыздан аспай тұр. Ал екпені қайта салдырғандар саны 40 мыңнан асып жығылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Өңірлер бойынша айтсақ, Алакөл - 1, Балқаш - 1, Еңбекшіқазақ - 1, Жамбыл - 2, Іле - 2, Панфилов - 1, Талғар - 2, Талдықорған - 2, Текелі - 2. Сондай-ақ, бүгінгі күні коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 926 616 адам алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер - 29 076, жүкті әйелдер - 2273, бала емізетін әйелдер - 5374, 18 жастан асқан тұрғындар - 889 893.

Иммундаудың толық курсынан 834 289 адам өтті, оның ішінде, жасөспірімдер - 3803, жүкті әйелдер - 225, бала емізетін адамдар - 686, 18 жастан асқан тұрғындар - 829 575. Ал 41 250 адам екпені қайта салдырған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"