ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДАСТАРҚАНДА АСТАН УЛАНЫП ҚАЛУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Уақыты: 29.12.2021
Оқылды: 1398
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Жаңа жыл жақындап келеді. Бұл уақытта барлық үйдің төрінде дастарқан жайылып, неше түрлі тағам түрлері қойылады. Мереке кезінде және мерекеден кейін ас та төк дастарқаннан тағамдарды тезірек жеуге мәжбүр боламыз. Иістеніп кетпеуін қадағалаймыз. Бірақ бұл жерде денсаулығымызды күтіп, тамақтан улану қаупін болдырмағанымыз жөн.

Улану  қаупі егер өнімдер бастапқыда сапасыз немесе тағам бұрыннан дайындалған болса, әсіресе, мерекеден кейін үстелдегі тағам қалдықтарын пайдалану кезінде күшейе түседі. Мереке алдында тек  балғын азық-түлік өнімдерінен тағам дайындаңыз. Алдын ала және көп тамақ пісірмегеніңіз жөн.

Мерекелерден кейін тез бұзылатын тамақ қалдықтарын лақтырып, тағамдарды жаңадан дайындауға дағдыланыңыз. Кондитерлік өнімдерді, кремді торттарды бөлмеге алдын ала қоймаңыз, оларды сақтау кезінде температуралық режимді қадағалаңыз. Тамақ өнімдерін сатып алған кезде орамның бүтіндігіне, дайындалған күні мен сақтау мерзіміне назар аударыңыз. Өнімді қаптамада көрсетілген өндірушінің ұсыныстары бойынша сақтаңыз. Дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін орындаңыз.

Шикі және дайын өнімдер үшін бірнеше кесу тақтайларын және пышақтарды пайдаланыңыз. Пайдаланғаннан кейін мұқият жуыңыз. Ыдыс жууға арналған шүберекті және ас үй сүлгісін жиі ауыстырыңыз, ас үйдің тазалығын қадағалаңыз.

Негізінен қысқы кезеңге дайындалған және мерекелік жаңажылдық үстелдердің ажырамас бөлігі болып табылатын үй жағдайында консервіленген көкөністерге (саңырауқұлақтар, қияр, қызанақ, баклажандар және басқалар) ерекше назар аудару қажет.

Сапасыз консервіленген көкөністер ауасы жоқ герметикалық жабық банкаларда токсинді шығаратын микробты еріте алады. Ол түсі, иісі және дәмі жоқ, жыланның уынан 250 есе күшті болады. Ол ағзаға түскен кезде ауыр "Ботулизм" ауруы өршиді, одан тіпті ең сау ағза зардап шегуі мүмкін, тіпті өлімге дейін әкеп соғуы ғажап емес. Егер консервіленген өнімі бар банкідегі қақпақ томпайса (бомбаж) немесе қандай да бір басқа себептермен сіз одан сезіктеніп қалсаңыз, онда бұл өнімді пайдаланбаңыз.

Тамақтан улануға күдіктенсеңіз, дереу дәрігерді шақырыңыз. Ал ботулизм кезінде сізді тек емдеу мекемесі арнайы сарысуды уақтылы енгізу арқылы ғана құтқара алады.

Үй консервілерін, сондай-ақ, ет және балық өнімдерін көшелерде және базарларда қолдан сатып алудан сақ болыңыз. Дүкеннен қақпағы бар консервіленген өнімдерді және басқа да күмәнді өнімдерді сатып алмаңыз. Денсаулығыңызды сақтаңыз!

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті