Джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Уақыты: 29.08.2023
Оқылды: 715
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Астанада джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа 42 елден 1000-нан астап спортшы қатысуда. Аталған сында жетісулық жасөспірімдер де жақсы нәтиже көрсетіп, ел абыройын асыруда. 

Жарысқа шыққан жасөспірім жетісулық спортшылардан алғашқы күні Софья Димитрева ІІ орын (57 келі), Айзере Мұхан ІІІ орын (52 келі), Айсұлтан Кенжебай ІІІ орын (38 келі), Жан Манатұлы ІІІ орын (34 келі) алды. 

Күн сайын жарысқа қатысып жатқандар ішінде жетісулықтар көп. Мәселен, екінші күні кадеттер арасында Әлішер Сақимов (66 келі), Досжан Жұмажанов (46 келі), Ілияс Балтағазы (38 келі)  І орын, Данагүл Талғатқызы (+70 келі), Айман Оразмолда (40 келі) ІІ орын, Гауһар Қанатбек (+70 келі) ІІІ орынға орналасты. Үшінші күні джиу-джитсудан не ваза бөлімінен жасөспірімдер ішінен Данагүл Талғатқызы (+70 келі), Назгүл Исламова (40 келі) алтын алса, Еркежан Асыл (40 келі) күміс, Дарина Жұмаш (57 келі), Салтанат Сабыржан (48 келі) қолаға ие болды. Жетісулықтардың жеңісті, жүлделі сәті ерекше есте қалатындығы анық. 

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: ашық дереккөзден