Жүрегімді қайта соқтырды

Уақыты: 08.10.2023
Оқылды: 942
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

 

Мен, Гүлзура Мейрманова Бахтиярқызы Талдықорған қаласындағы «Облыстық көпсалалы клиникада»  емделіп жүргеніме  1 жылдай уақыт  болды. Биылғы  29-қыркүйекте маған ота жасады.  Тәні сыздаған адамның қандай күйде болатыны белгілі. 

Сырқат дендеп кете ме деп алаңдағаным рас. Бірақ, дәрігерлердің шипалы қолы мен  жан жылуы өмірге деген құлшынысымды оятты. Нақтама қойылғаннан кейін бірден ем жүргізіле бастады.  

Адам жанының арашашысы Мақсат Айтқұловқа айтар алғысым шексіз.  Ол онколог, маммолог, хирург маман. Қолы шипалы  дәрігерге алғысымды шын жүректен білдіремін.  Деніне саулық,  басына амандық тілеймін. Мақсат  өз ісінің білгірі. Ақ желеңді абзал жандардың  арқасында тоқтап қала жаздаған жүрегім қайта соқты.  Өмірімді жарық дүниемен жалғастырып,  жақындарыммен аман-есен қауыштырған денсаулық сақтау саласының білгірлеріне мың мәрте алғыс жолдаймын. Мақсат Серікұлының қасындағы көмекшілері мен мейірбикелердің  еңбегіне жеміс, отбасыларына амандық тілеймін.