АЛМАТЫ: КОРОНАВИРУС 12 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ БАЛАДАН ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 16.03.2020
Оқылды: 885
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Коронавирус жұқтырғандар саны 9 адам болды. Бұл туралы ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті.

- Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны - 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам, - деді Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетсек, «Хабар 24» арнасында онлайн режимде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді. Қазір Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар. Карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген, медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті, медициналық персонал толық дайын, сұрақ туындаған жағдайда 1406 нөміріне call-орталыққа хабарласу керек.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"