КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚҚАН ТӨРТ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІНЕ ҚАЙТТЫ

Уақыты: 14.04.2020
Оқылды: 800
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирус індетінен төрт адам жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай, тағы бір науқас тіркелді. Бұл жайында Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысында тіркелген 22-нші науқас Қарасай ауданы, "Олипийская деревня" 19 км тұрғыны. Ауруханаға жатқызылған науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Пациентпен 11 адам қарым-қатынаста болғаны анықталып, олардың барлығы дəрігерлердің бақылауына алынды.

Атап өтсек, 14 сəуір күнгі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 22 адамға жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"