ӨТЕГЕН БАТЫР КЕНТІНДЕ ТАҒЫ ҮШ АДАМНАН ҚАУІПТІ ІНДЕТ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 21.04.2020
Оқылды: 1355
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында тағы үш адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары – 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан жағынды алу мен COVID-19 инфекциясына жасалған анализдерінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Сырқаттардың жалпы саны 132 адаммен, соның ішінде, 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және сыртта қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды. Сонымен, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 21 сәуір, сағат 14:35-тегі жағдай бойынша 53-ке жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды