МӘСКЕУДЕН АВТОБУСПЕН КЕЛГЕН АЗАМАТТАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 25.04.2020
Оқылды: 1114
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 25 сәуір, таңғы сағат 7:04-тегі жағдай бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 73-ке жетті.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 73-нші науқас - Жамбыл ауданының тұрғыны. Ол 2001 туған азамат, 22 сәуір күні Мәскеуден автобуспен шыққан. Ресей шекарасынан бері өткенде Қызылордада коронавируспен ауырып, оқшауланған сырқатпен байланыста болған. Қазіргі кезде Қаскелеңдегі Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен 9 адам байланысқан.

Бұдан бөлек, кеше Іле ауданы ауданының 3 тұрғыны коронавируспен ауырғаны белгілі болды. 1967, 1991, 1959 жылы туған азаматтар – Өтеген батыр кентінің, Түймебаев пен Междуреченск ауылдарының тұрғыны. Вирусологиялық зерттеулер нәтижесі оң болғандықтан, олар қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөлімінде оқшауланған. Олармен байланыста болған 18 адам медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды. Сондай-ақ, облыстың тағы бір тұрғынынан кеше вирус анықталып, Алматы қаласындағы әскери госпитальға жатқызылған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды