"АЯҒЫ АУЫР": ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН ӘЙЕЛДЕН ҚАУІПТІ ІНДЕТ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 27.04.2020
Оқылды: 875
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысы, Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан азаматшадан коронавирус анықталды.

"Қазақпараттың" хабарлауынша, сотталған әйелдің аяғы ауыр болған. ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі инфекция анықталғанға дейін жазасын өтеуші түзету мекемесінің медициналық бөлімінде өзге де науқастардан оқшауланған. Азаматшаның дене қызуы, жөтел және басқа да коронавирусқа тән белгілері байқалмаған. Босануға дайындалып жүріп сотталушы екі рет Іле аудандық орталық ауруханасына барғаны анықталды.

Қазіргі таңда сотталушымен қарым-қатынаста болған адамдардың тізімі жасалып, инфекциялық изоляторға жатқызылды. Колония қызметкерлері мен басқа да сотталғандар коронавирусқа тексеріліп жатыр. Түзету мекемесі дезинфекцияланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"