"97-ГЕ ЖЕТТІ": ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН ТАҒЫ БІРНЕШЕ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 18.06.2020
Оқылды: 789
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда тағы тоғыз науқас коронавирустан қайтыс болды. 

"Coronavirus2020.kz" ресми сайтының мәліметінше, бұл жағдайлар елордада, Шымкентте және Алматыда тіркелген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 1964, 1952, 1951, 1938, 1950 жылы туған әйелдер және 1982 жылы дүниеге келген ер адам, Шымкент қаласында 1979 жылы туған ер адам, Алматы қаласында 1969 және 1960 жылы дүниеге келген ер адамдар дүниеден өтті.

Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді. 18 маусым, түнгі сағат 1:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда барлығы 97 адам коронавирустан көз жұмды. Ал жұқтырғандар саны 15 мың 542-ге жетті. Емделіп шыққандар саны - 9902 адам.

Айта кетейік, қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны әлі тоқтаған жоқ. Желілерде вирусқа шалдыққандар жайлы ақпараттар ашық шыға бастады. Соның нәтижесінде, коронавирусқа күмәнмен қарайтындардың қатары азайып, сақтық шаралары күшейтілді. Өкінішке қарай, сенбейтін, қандайда бір саяси ойын деп қарайтын адамдар әлі де бейқам жүр. Осы орайда дәрігерлер, коронавирусты жұқтырғандар жалпы халыққа дабыл қағып, сақтануға шақыруда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды