СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ: ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЛІМ-ЖІТІМНІҢ БАСТЫ СЕБЕБІ

Уақыты: 03.10.2020
Оқылды: 1302
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 20-59 жас аралығындағы әйелдер арасындағы өлімнің алғашқы себебі сүт безі қатерлі ісігі болып табылады. Бұл әйелдер арасындағы қатерлі ісік ауруының 16 пайызын құрайды, өмір сүру ұзақтығының өсуіне, урбанизацияға және қазіргі өмір салтын кеңінен қабылдауға байланысты ауру саны артып келеді.

Сүт безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулар мен өлім-жітім құрылымында әлемде де, Қазақстанда да әйелдер арасында жетекші орын алады.

Айта кететіні, сүт безінің жиі кездесетін аурулары – мастопатиялар, кисталар, қатерлі ісіктер, бұл өз кезегінде кеш анықталған және сапалы диагноз қойылмаған кезде сүт безі қатерлі ісігінің дамуына әкелуі мүмкін және емдеу тактикасы мен емдеу нәтижелеріне байланысты.

Ерте диагноз қою және сапалы, қолжетімді және уақытылы көмекке қол жеткізу - сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрестің негізі. Анықталған аурудың 1-ші сатысында емделу пайызы 91-93, 2-шісінде – 80, 3-шісінде 50 пайызды құрайды.

Қатерлі ісіктердің қалыптасуының бастапқы процесін анықтауға арналған профилактикалық шаралар кешені ауруды ерте анықтау – дамыған кезеңдермен салыстырғанда қарапайым және жылдам емдеудің негізгі факторы.

Бастапқы топтың алдын алу шаралары: салауатты өмір салты; күн сайын жеткілікті ұтқырлық; жаман әдеттер мен тәуелділіктердің болмауы; кеуде бұлшық еттерін нығайтуға бағытталған жаттығулар; стресстің көріністерімен күресу; дене салмағын азайту; менопаузадан кейін гормоналды препараттардан бас тарту; жеткілікті дәрумендер кешенін тұтыну; дұрыс тамақтану; дұрыс таңдалған өнімдер; тұрақты өзін-өзі диагностикалау.

Қатерлі ісіктің алғашқы көріністері пальпация және кеудені визуалды тексеру кезінде байқалады. Диагностика патологиялық процестердің дамуына жол бермейді.

"Денсаулық – басты байлық" демекші, денсаулығымызды нығайтып, аурудың қарапайым алдын алу шараларын ұстанып, өзімізге көңіл бөлейік.

Ж.ОСПАНОВА,

Қоғамдық денсаулық сақтау институтының директоры

Сурет ғаламтордан алынды