"6 ҚАЗАННАН БАСТАП КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛЕДІ": БАС САНИТАРДЫҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ

Уақыты: 04.10.2020
Оқылды: 1239
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі. Жаңа Қаулы бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама алуы тиіс. Олай болмаған жағдайда елге кіргізілмейді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан