ҚАЗАҚСТАНДА КОВИДКЕ ҰҚСАС ПНЕВМОНИЯДАН 358 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 04.10.2020
Оқылды: 1078
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда коронавирус инфекциясы күнде тіркеліп жатыр. Әлемді алаңдатқан вирус түпкілікті жойылатын күн әлі алыс сияқты. Елімізде жеті айдан бері ковидтен көз жұмғандар саны 1725-ке жетті. Бұл туралы коронавирустың ресми сайтында жарияланды.

Ал коронавирусқа ұқсас өкпе қабынуы 1 тамыздан бері 33 571 адамнан анықталды. Оның ішінде, 358 өлім жағдайы тіркелді. Жазылып шыққандардың саны - 27 450 адам. Жалпы, Алматы облысында қауіпті індеттен 4 қазандағы жағдай бойынша 62 адам көз жұмған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"