ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДІ БІЛЕСІЗ БЕ? МАМАНДАР ТҮСІНДІРЕДІ

Уақыты: 06.10.2020
Оқылды: 1109
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кеткені белгілі. Ендеше, тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу қалай жүзеге асырылатынын білесіз бе? Бұл сауалға Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері жауап берді. Олардың айтуынша, өз емханаңызға тіркелу үшін құжаттарды онлайн рәсімдеу өте тиімді.

Egov.kz порталы арқылы: Egov.kz порталына кіріңіз; Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз; Қызметті онлайн сұратыңыз; Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз; Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз; Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді  көрсетіңіз; Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз; Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

Телеграм бот арқылы: Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз; Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз; Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз; Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз; Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз; Мекенжай мәліметтерін растаңыз; Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз; Емхананы таңдаңыз; Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз; Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

Емхана арқылы: Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз. Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні. Қызмет нәтижесі: емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

Ескерту: қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал. Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан