Ел елеген еңбегін

Уақыты: 29.12.2017
Оқылды: 1022

Ақын, еңбек ардагері, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Лушникова Надежда Андрейқызының «Құрмет» орденімен марапатталуына орай. 

Күншуақ тарап көзіңнен, 
Қуаныш табы сезілген. 
Көмекейің бүлкілдеп, 
Ақ маржан  тердік сөзіңнен. 

Балбұл жүзің нұрланып, 
Күлімдеп қана тұрғаның. 
Қазақтың ерке келіні,
Тарихта қалдың жырланып. 

Шашуын шашқан, жеңеше, 
Марапат күнің ерекше. 
Ел елеген еңбектің
Дәм-тұзы болар өзгеше. 

Ризығын берген Тәңірім, 
Сәтін де салар әр күннің.
Тәуелсіз баба жұртымды, 
Бөлей бер жырға, бұлбұлым. 

Базаркүл Әжіғожаева.
Жамбыл ауданы.

Автордың бұл құттықтауына облыстық «Жетісу» газетінің ұжымы да қосылады.