Жүз жасаған «Жетісу»

Уақыты: 29.12.2017
Оқылды: 1196

О, менің, әз қария басылымым,
Көтерген алты Алаштың асыл үнін. 
Абызым жүзге келген шабыт беріп,
Көңілім, жеті өзендей тасы бүгін.

Жетісу – жер жаннатым, жерұйығым,
Керіліп жатқан ғажап кермиығым.
Өзің аттас газетім жүзге толып,
Мінеки, алып жатыр төр биігін.

«Жетісу» – шежіресі тарихымның, 
Сен арқылы өлкемді танитынмын.
Өзіңнен рухани азық алып,
Алмас қылыш намысты жанитынмын.

О, менің, «Жетісуым» әз қария,
Жүзге келіп толқыған көл-дария.
Жаңбырмен шөлін басқан шөл даладай,
Жігер алар өзіңнен әр жанұя.

Жасай бер, «Жетісуым», жаса-жаса!
Шеттей көрме назардан қалып таса.
Сен менің сырласымсың, сондықтан да,
Жарасар көңіл бүгін шарықтаса.

Нұрғали МӘҢКЕ,
ақын-сазгер.
Тұздыбастау ауылы, 
Талғар ауданы.