Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАЙШЫЛЫҚСЫЗ ҚАҒИДА

Уақыты: 28.06.2021
Оқылды: 681
Бөлім: БАСТЫ БЕТ

Халқымыздың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуында дін мен дәстүрдің маңызы өте зор. Қазақ халқының  ерте ғасырлардан салт-дәстүрге, жоралғыларға, әдет-ғұрып пен рәсімдерге кедей емес екені мәлім.  Салт-дәстүр ерте кездерде бұлжымас заң рөлін де  атқарған. Сол себептен де салт пен дәстүрдің  қоғамның тұрмыс тіршілігінде, тәрбиелік шараларда мәні зор болған.


Дін қоғамда әрдайым татулықтың, әділдіктің, сүйіспеншілік пен мейірімнің туын көтерген иманның басты негізі.

Адамгершілік пен басқа да асыл қасиетті биіктететін дін, өз кезегінде, ұлттың қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Әр халықтың өзіне тән және сол қоғамның дамуына әсер ететін ерекше, өзгеше салты болады.

Қазақ халқы ұлтымыздың  дәстүріне  ерекше мән береді. Дін мен дәстүр өзара сабақтасып, ұштасып жатқан ұғым. Оның бір себебі ретінде бір-бірін жетілдіре, дамыта, толықтыра отыруында.

Дін әрдайым рухани негіз ретінде қарастырылып, оның  құндылықтары, рухани сапасы басты назарға алынады. Адамзат  баласының қоғамын өркениетке жеткізгендіктен дін, дәстүр, мәдениет сынды құндылық кешендері бір-бірімен тығыз байланыста болған.

Дін қызметкерлері, дінтанушы мамандар мен имамдар дін мен дәстүрді ұштастыра отыра кеңінен дамытуға күш салуда. Жалпы дінді дәстүрден ажыратып қарау, халқымыздың тарихын да, мәдениетін де және барлық рухани қазынасында жоққа шығаруға тән.

Көне заманнан келе жатқан дәстүрлі дініміздің жоралғыларын, ұстанымдарын, әрекеттері мен амалдарын үйренумен қазіргі жастардың, жасөспірімдердің рухани жан дүниесін дамытып, жат ағым ықпалынан алыс болуды, сақтануды қамтамасыз ете аламыз. Тек ол үшін қос қағиданы қатар ұстана білу керек-ақ.

 

Аяулым Нұрсадық,

Аяжан Қуандық,

Аяулым Абдикаликова,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері