ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

Уақыты: 11.06.2022
Оқылды: 964
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еліміз тарихи кезеңді өткеріп, дамудың жаңа деңгейіне қадам басты. Мемлекетіміздегі елеулі әрі маңызды өзгерістер болашағымызға айрықша әсер ететіні анық. 

Баршаңызға белгілі Ата заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар халықтың талап-тілегі негізінде жүзеге асырылды. Оған әр қазақстандық белсенді түрде өз таңдауын білдірді.

Өздеріңіз көргендей, облыстардың және мегаполистерін әкімдерін тағайындау рәсімі де түбегейлі өзгерді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы қандай да бір облыс не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты ұсынады. Облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары дауыс беру негізінде біреуін таңдайды. Бұл тарихи сәтке баршамыз куә болдық. Жаңадан құрылған облыс әкімдерін тағайындау аталмыш тәртіппен жүзеге асты.

Алматы облысының әкімі лауазымына Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы тағайындалды. 
Марат Елеусізұлы – ел игілігі үшін өз үлесін қосып келе жатқан білікті басшы. Талай жылдар бойы мемлекеттік қызметтің түрлі саласында еңбек еткен. Тәжірибелі басшының өңіріміздің өркендеуіне бар күш-жігерін салатынына сенеміз! 

Ерасыл Толымбекұлы,
Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру орталығы» КММ-нің басшысы