БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 11.06.2022
Оқылды: 1295
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысы әкімі лауазымына Бейбіт Исабаев тағайындалды.

Бейбіт Өксікбайұлы 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — журналист, халықаралық қатынастар маманы. Саяси ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

Еңбек өтілі:
Қазақ КСР телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы (1985-1987);
Республикалық «Лениншіл Жас» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1987-1991);
«Өркен», «Горизонт» газеттерінің орынбасары, бас редакторы (1991-1994);
Қазақ мемлекеттік теледидарының бас директоры (02.1994-04.1994);
Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары (05.1994-07.1994);
Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы (07.1994-1995);
Алматы қаласы әкімінің орынбасары (1995-1997);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы (1997-1999);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры (1999-2000);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі (2000-05. 2002);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (05.2002-09.2002);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (09.2002-12.2002);
Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» Ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі (12.2002-2003);
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (25.04.2006-27.02.2008);
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі (27.02.2008-19.08.2008);
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы (19.08.2008-25.06.2009);
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (07.2009-16.03.2015);
Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (16.03.2015-07.2019);
Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы (07.2019-13.01.2022)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (13.01.2022 ж. бастап), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (01.2022 ж. бастап)

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"