БЕЙБІТ ИСАБАЕВТЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Уақыты: 09.07.2022
Оқылды: 1512
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Құрбан айт мерекесіне орай облыс жұртшылығына құттықтау жолдады. 

Өңір басшысы Құрбан айт – ізгілік пен мейірімділіктің, жақсылық пен қайырымдылықтың мерекесі екенін, ең бастысы, жүректерге иман ұялатып, игі істер жасауға үндейтінін, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына мейірім төгетінін атап өтті. 

– Жаратқан Иеміз қасиетті мерекедегі әрбір ізгі амал-әрекеттеріңізге сауаптан жазсын! Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен ырысқа толсын! – дей келе, Бейбіт Өксікбайұлы барша жетісулықтардың отбасына амандық, ізгі амалдарына адалдық тіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"